Сұйытылған газдың шекті бағасы 1 ақпаннан өседі

1174
Adyrna.kz Telegram
Фото: rally36.ru
Фото: rally36.ru

Энергетика министрлігі 1 ақпаннан бастап сұйытылған мұнай газының (автокөліктерге отын ретінде пайдаланылатын) шекті көтерме бағасының қымбаттайтынын мәлімдеді. Жаңа бұйрыққа сәйкес, газдың тоннасы 45 158 теңгеден 51 932 теңгеге дейін көтеріледі, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бағаның өсуі өндірушілердің шығындарын өтеу мақсатында қабылданған. Министрліктің мәліметінше, сұйытылған газдың өзіндік құны тоннасына 65 мыңнан 75 мың теңгеге дейін жетеді, ал бұл өндіруші кәсіпорындардың қаржылық қиындықтарға тап болуына әкеліп отыр.

Сондай-ақ, сұйытылған газды тұтыну көлемі айтарлықтай өскен. 2022 жылы – 1,8 млн тонна болса, 2024 жылы болжам – 2,4 млн тонна.

Бұл өзгеріс бөлшек саудадағы бағаның да өсуіне әсер етеді. Өңірлерге байланысты баға литріне 6-дан 21 теңгеге дейін көтеріледі. Нақтырақ, Астана мен Алматыда 84-89 теңгеден - 102 теңгеге дейін, Шымкентте 70 теңгеден 90 теңгеге дейін өседі.

Министрлік мәлімдегендей, қазіргі жағдайда өндіруші кәсіпорындар өз өндірістерін жаңғырту мен жоспарлы жөндеу жұмыстарына қажетті қаражатты таба алмай отыр. Бағаны көтеру – осы мәселелерді шешу және саланы тұрақтандыру үшін қажет қадам деп бағаланып отыр.

Сұйытылған газ бағасының өсуі автокөлік иелерінің шығынын арттырып, жанармай құю бекеттеріндегі бағаның да қымбаттауына әкелуі мүмкін.

Пікірлер