НЗМ-де жұмыс істеген екі мұғалім қайтыс болды

5688
Adyrna.kz Telegram

Алматыдағы Назарбаев зияткерлік мектебінде жұмыс істеген екі мұғалім қайтыс болды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Атап айтсақ, 7 қарашада математика пәнінің мұғалімі Бақытхан Құрман дүниеден озса, бірнеше сағаттан кейін география пәні мұғалімі болып қызмет еткен Мәулен Телеубаев та бақилық болды.

Қайғылы хабарды әріптестері Дархан Ардақұлы хабарлады.

«Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің бірегей математигі, әріптесіміз Бақытхан Құрман мезгілсіз қаза болды. Біз үшін орны толмас қайғы. Иманды болсын, жаны жаннатта болсын. Қаралы күннен көз ашпай кеттік қой, ағайын-ау! Бүгін тағы бір әріптесіміз әрі бауырымыз бұрын Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде жұмыс жасаған, кейіннен Shoqan School мектебінде жұмыс жасап келген география мұғалімі Маулен Телеубаев қайтыс болды. Біз үшін орны толмас қайғы. Жаны жаннатта болсын, иманды болсын»,– деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер