Шымкенттегі елдімекендер екі жылда сапалы ауыз сумен қамтылады

393

Шымкент қаласында бүгінге дейін 81 елдімекеннің 69-ы сапалы сумен қамтылған. 5 елдімекенге кестемен берілсе, 7-еуіне ауыз су тасымалданады. «Әкім сағаты» бағдарламасында қала әкімі Мұрат Әйтенов елдімекендердің ауыз сумен қамтылуы жөнінде баяндады.

Биыл қалада 3 магистралды суаққы мен 11 ішкі орамдық жүйенің құрылыы жүргізілуде. Тоғыз айдың қорытындысы бойынша 2 шағынауданда (Тұран, Ынтымақ-2) құрылыс жұмысы аяқталып, пайдалануға берілді.

Жыл соңына дейін суды тасымалдайтын Солтүстік саяжай, Батыс, Жаңатұрлан, Асар-2, Ақтас тұрғын алабтары мен кестемен беріліп келген Жаңаталап, Сауле ( ДКЗ) ш/а, Нұртастың жаңақұрылыс аумағында құрылыс жұмысы аяқталады. Нәтижесінде 25,6 мың адам ауыз суға қол жеткізіп, қамтылу көрсеткіші 95,6%-дан, 98%-ға өседі.

Жыл соңына дейін 3 магистралды суаққының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілмек. Қаланың даму жоспарына сәйкес, 2023 жылы сапалы ауыз су мәселесі толығымен шешіледі.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы