Шахтадағы жарылыс: улану фактісі бойынша тергеу басталды

2272
Adyrna.kz Telegram

Абай ауданындағы шахтада болған төтенше оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Zakon.kz-ке" сілтеме жасап.

-Жарылыс фактісіне сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 277-бабы, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қарағанды ​​облысы полиция департаментінің басшылығы мен жеке құрамы қаза тапқан кеншілердің отбасыларына көңіл айтады, – деп хабарлады облыстың ПД баспасөз қызметі.

Зардап шеккен жұмысшылардың есімдері де белгілі болды. Олар:  Маралбаев Жеңіс Мерекеұлы, 1963 жылғы (үңгуші-кенші) және 1985 жылғы Зейналов Елайдар Абезоғлы (үңгуші-кенші). Зардап шеккендердің екеуі әлі жансақтау бөлімінде жатыр.

-Биылғы жылдың 7 қарашасында профессор Х.Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханаға 1960 және 1963 жылғы екі кенші келіп түсті. Екеуіне де шахтадағы өткір газдан, яғни метан және көмірқышқыл газынан улану (токсикогипоксический энцефалопатия) диагнозы қойылды, - деп хабарлады Қарағанды ​​облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Зардап шеккен екі кеншіге аурухана дәрігерлері барлық қажетті медициналық көмек көрсетуде.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер