Ұлттық «WORLDSKILLS KAZAHSTAN - 2021» чемпионатында Шымкентте 33 қатыушы жолдама ұтып алды

2340
Adyrna.kz Telegram

Ұлттық чемпионат 2021 жылдың 1 қарашасы мен 10 желтоқсан күндері аралығында Қазақстанның 7 өңіріндегі үздік колледждер базасы мен өндіріс орындарында белгіленген.

Шымкент қаласынан «WorldSkills Kazakhstan - 2021» кәсіптік шеберліктің Ұлттық чемпионатына 32 құзыреттілік бойынша 33 қатысушы - өңірлік конкурстың жеңімпазы атанды.

«WorldSkills Kazakhstan» чемпионатының миссиясы – жастарды Халықарылық стандарттар негізінде кәсіби-техникалық мамандықтар бойынша өндіріс орындары саласын жоғары технологияны жетік меңгерген мамандармен қамтамасыз ету механизмін құру. WorldSkills қозғалысы бойынша Республика жастары Халықарылық конкурстарда да үздік нәтиже көрсетіп, жеңімпаз атануда.

Шымкент қаласының жеңімпаз қатысушылары сән технологиясы, графикалық дизайн, веб-дизайн және әзірлеу, өндірістік автоматика, бизнес үшін IT шешімдер, ұялы робототехника, интернет вещей, желілік және әкімшілік басқару, жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету, жөндеу, шанақ жөндеу, инженерлік графика CAD, дәнекерлеу технологиясы, электромонтаж ісі, ақпараттық кабельдік желілер, сантехника және жылыту, аспаздық іс, кондитер ісі, медициналық және әлеуметтік күтім, малярлық және сәндік жұмыстар, флористика, визуалды мерчендайзинг және витринистика, мейрамхана сервисі, пісіру шеберлігі, ағаш ұстасы, шатыр жұмысы, дизельді қозғалтқышқа қызмет көрсету және жөндеу, сандық бағдарламамен басқарылатын станоктарда токарлық іс, кірпіш қалау, плитка жапсыру, шаштараз өнері, қонақ үй әкімшісі, мектепке дейінгі тәрбие, медицина және әлеуметтік көмек құзыреттіліктері бойынша қатысады деп күтілуде. Қатысушылардың дайындық жұмыстары тәжірибелік жұмыс алаңшаларында, өндірістік орындарда жүргізілді.

Елімізде техникалық және кәсіби білім берудің тиімді жүйесі қалыптастырылып, колледждер базасы «Жас маман» жобасы аясында Халықтаралық стандарттарға сәйкес құрал-жабдықтармен толықтырылып, мемлекет тарапынан жастардың осы заманғы үздік білім алуына жағдай жасалуда.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Пікірлер