Шымкентте 369 азаматтың тұрғын үй сертификаты арқылы баспаналы болды

2211
Adyrna.kz Telegram

Шымкентте 369 азаматтың тұрғын үй сертификатына жолданған өтінімі мақұлданып жеңілдетілген пайыздық несиелік баспанаға қол жеткізді. Оның ішінде 232 отбасы «Шаңырақ» бағдарламасының қатысушылары болса, 137-і «Бақытты отбасы» бағыты арқылы өтінімі мақұлданғандар.

Бүгінде тұрғын үй сертификатын алуға Шымкент қаласы бойынша 1000-нан аса азамат өтінім жолдаған. Алайда 600-ден аса азаматтың өтінімі тұрғын үй сертификатының талап шарттарына сәйкес келмегендіктен бас тартылған.

Тұрғын үй сертификаты «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында несие негізінде «2-10-20», «5-10-20», «5-20-25» және «7-20-25» бағыттары бойынша тұрғын үй алуды көздеген, тұрғын үй сертификаттарын алу талаптарына сай келетін әрбір азаматқа 1 миллион теңгеге дейін мөлшерде мемлекет тарапынан бастапқы жарна мөлшерінің бір бөлігін жабу үшін ұсынылатын әлеуметтік көмек ретінде берілуде.

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында несиелік бағытта баспаналы болуға ниет білдірген тұлға соңғы 6 айда отбасының жиынтық табысы оның әрбір мүшесіне шаққанда 106336,2 теңгеден аспаған жағдайда және тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын беру туралы банктің мақұлдаған хаты арқылы азаматтар тұрғын үй сертификатына өтінім жібере алады.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер