«Даму» Қоры қазақстандық кәсіпкерлердің «жасыл экономикаға» қосқан үлесі туралы Глазгода паш етті

2359
Adyrna.kz Telegram

«Даму» Қоры 321,4 млн доллардың 118 «жасыл» жобасын қолдады деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры («Даму» Қоры) климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ тараптарының Глазгода өткен жиырма алтыншы конференциясына (COP26 UN ClimateChangeConference) қатысты. «Даму» Қорының Басқарма төрайымы Гаухар Бурибаева 2021 жылғы 3 қарашада Глазго қаласында өткен Жасыл инвестициялар жөніндегі отырыста (сайд-ивентте) сөйлеген сөзінде Париж келісімі мен БҰҰ-ның климат өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясының мақсаттарына қол жеткізу бойынша іс-қимылдарды жеделдету үшін Қор жүзеге асырған іс-шаралар туралы айтып берді.

«Даму»қоры еліміздің «жасыл» экономикаға көшуі және климаттың өзгеруіне қарсы күрес жөніндегі барлық бастамаларды қолдайды. 2010 жылдан бастап өңірлік кәсіпкерліктің, оның ішінде «жасыл» жобалардың тұрақты және тең өсімін қамтамасызету, сондай-ақ бар жұмыс орындарын қолдау және жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру үшін дәйекті қадамдар кешенін қабылданды. Жүргізілген жұмыс нәтижесінде несие сомасы136,6 млрд теңге болатын 118 «жасыл» жобаға қолдау көрсетілді. Бұл 321,4 млн долларға тең», - деп атап өтті Қор төрайымы.

Гаухар Бурибаеваның айтуынша, Қор БҰҰ тұрақты дамуының «лайықты жұмыс және экономикалық өсім», «кедейлікті жою», «гендерлік теңдік», «климаттың өзгеруіне қарсы күрес» секілді төрт мақсатына (ОДМ) біртіндеп қол жеткізіп келеді. Қор өңірлерде, сондай-ақ кәсіпкер әйелдер арасында ШОК қаржыландыруға қолжетімділігін кеңейту, инфрақұрылым құру, жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) және тиімді энергия  технологияларын пайдалануды қолдау жөніндегі бағдарламаларды жүзеге асырады.

Қор Қазақстанда алғаш рет Біріккен ұлттар ұйымының Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ) мен АХҚО жасыл қаржы орталығының қолдауымен Астана халықаралық қаржы орталығының (AIX) биржасы арқылы тиісті жобалар үшін инвестициялар тартты. Бұл шығарылым International Capital Market Association (ICMA) қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылды.

2020 жылдың тамызында жүзеге асырылған бұл бастаманы халықаралық қауымдастық жоғары бағалады. 2021 жылдың сәуір айында«Даму» Қоры Қазақстан үшін «жасыл» облигацияларды дебют ретінде шығарғаны үшін Climate BondsInitiative Халықаралық Ұйымының «жасыл» нарықтың пионері» номинациясы бойынша беделді сыйлығын алды.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» БҰҰДБ және Қазақстан Республикасының Үкіметімен бірлесіп, жаһандық экологиялық қордың (ЖЭҚ) қаржылық қолдауымен тағы екі жоба бойынша жұмыс істейді. Ол: «Төмен көміртекті дамуға арналған тұрақты қалалар» және «Жаңартылатын энергия көздеріне инвестиция салу тәуекелдерін  азайту». Сонымен қатар, тиімді энергиямен ЖЭК-те шағын және орта бизнесті қолдаудың жергілікті бағдарламаларын жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, «жасыл» жобаларды «Даму» Қоры «БЖК-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында да қолдайды.

Климаттың өзгеруіне қарсы күрес пен оған бейімделуге, жаһандық температура өсімін Цельсий өлшемі бойынша 1,5 градусқа дейін төмендетуге, сондай-ақ көмірқышқыл газының шығарылуын нөлге жеткізуге қатысты ортақ мақсатқа қол жеткізу үшін «Даму» Қоры ЖЭК-ке инвестиция салуды да ынталандырады.

Осы мақсатта «Даму» қоры «жасыл» жобаларды қолдау және «жасыл» облигациялар шығару үшін халықаралық қаржы институттарынан қаражат тарту бойынша жұмысты жалғастыруды, жетекші халықаралық рейтингтік агенттіктен ESG рейтингін алуды, ШОБ-тың жасыл жобаларын қолдауды арттыру бойынша мемлекеттік бағдарламаларға өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ, электромобильдерге көшу үшін лизинг компанияларын қолдау жоспарлануда. «Даму» Қоры ТДМ қағидаттарын өз қызметінің барлық салаларына енгізіп, ШОБ-ты тұрақты дамытуды қаржыландыру бойынша бірқатар жаңа жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Жалпы алғанда, «Даму»Қоры 2021-2024 жылдарға арналған «Жасыл көпір» серіктестігін ілгерілету, елдің энергия балансындағы ЖЭК үлесін 2030 жылға қарай 15%-ға дейін жеткізу және 2060 жылға қарай елдегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі ұлттық іс-шаралар жоспарын жүзеге асыруға үлес қосуға ниетті.

 

«БЖК-2025» аясында шағын және орта бизнестің тиімді энергия саласындағы жобаларын қолдау

Осы бағдарлама бойынша жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы сомасы 134,2 млрд теңге (315,7 млн доллар) болатын 88 «жасыл» жобасы қолдау тапты. Осы жобалардың барлығы – ғасырдың ортасына қарай СО2 қалдығын нөлге жеткізу мен жаһандық жылынуды 1,5 градус деңгейінде ұстап тұруға жасалған қадам.

«Даму» Қоры атмосфераға СО2 ұшқындарын азайтатын бірқатар жобаларды қолдайды. Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласындағы «LedSystemMedia» ЖШС энергия үнемдейтін жарық беру құралдарын шығарады, қарағандылық «Карнед» ЖШС жылу энергиясын өндіреді, Қостанай облысының «Адал-И» ЖШС объектілерге кешенді қызмет көрсетумен айналысады, ал Атырау облысының Манаш ауылындағы «Ветроэнерготехнология» ЖШС екінші жел электр станциясын салу және пайдалану жөніндегі жобаны жүзеге асыруда.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің, «Даму» Қоры мен Қазақстан Халық банкінің қолдауының арқасында біздің жобамызды жүзеге асыру мүмкін болды. Біз жаңартылатын энергетика саласында көміртегі отынынан бас тарту жолындағы дүниежүзілік қозғалыстың бір бөлігі болғанымызға қуанамыз»,- деді «Ветроэнерготехнология» ЖШС директоры Владимир Иванов.

«БЖК-2025»бағдарламасы аясында қолдау тапқан ЖЭК жобаларының арасында гидро және жел электр станцияларын салу ісін ерекше атап өтуге болады. Алматы облысының Текелі қаласындағы Шажа өзеніндегі су электр станциясы пайдалануға беріледі.

Жел электр станциясының құрылысын Ақмола облысының Ерейментау қаласының маңында «Golden Energy Corp» ЖШС жүзеге асырып жатыр. Жоба жергілікті жердегі қоршаған ортаға тиетін экологиялық зиянды азайтуға үлес қосуға арналған.

«Жел электр станциялары қуат көзін дәстүрлі көмір электр станцияларының орнын басады.Осылайша атмосфераға көмірқышқыл газының таралуын азайтады. Компания жиырма адам үшін қосымша жұмыс орнын ашты, сондай-ақ біз бюджетке салық төлейміз және Ерейментау ауданы тұтынатын энергияны өндіреміз», - деді «GoldenEnergyCorp» ЖШС директорының орынбасары Данияр Сейтенов.

 

ЖЭҚ қаржыландыратын БҰҰДБ жобалары аясында ШОБ энергия тиімді жобаларын қолдау

2017 жылдың соңында іске қосылған «Төмен көміртекті дамуға арналған тұрақты қалалар» жобасы аясында жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, қоғамдық ғимараттарды, көппәтерлі үйлерді пайдалану, қалалық тазарту жүйелері, жарықтандыру және т.б қалалық инфрақұрылым секторлары жаңғыртылуда. Мұндай жобаларды қолдауға бөлінген жалпы бюджет шамамен 2,05 млрд теңгені (4,8 млн долларға балама) құрайды.Осы бағдарлама іске қосылған сәттен бастап осы уақытқа дейін100-ден астам компанияға қолдау көрсетілді. Олардың Қазақстан аумағы бойынша жобалау, салу және пайдалану белсенді кезеңінде тұрған  38 жобасы бар.

БҰҰДБ-ЖЭҚ-тың барлық жоғары талаптарына сәйкес келген компаниялардың бірі «Кызылорда» ЖШС болды. Бұл компания МЖӘ механизмін пайдалана отырып, Қызылорда облысы Шиелі кентіндегі 7 мектепте, оқушылар үйінде және мәдениет үйінде жылумен жабдықтау жүйелерін жаңғыртты; көмірмен және дизель отынымен жұмыс істейтін жылу жүйесі табиғи газбен жұмыс істейтін жабдыққа ауыстырылды.«БҰҰДБ-ЖЭҚ, Қазақстан Үкіметі және «Даму» Қоры сияқты қомақты қолдаушылары бар, субсидиялау мерзімдері нақты жазылған ШОБ үшін мұндай жобалар одан да көп қажет»,-дейді «Қызылорда ЖМК» ЖШС директоры Темірхан Әлімқұлов.

 

Елдегі алғашқы «жасыл» облигациялар

«TK SOLAR» ЖШС «жасыл» облигациялар шығару арқылы «Даму» Қоры тартқан 180 млн теңге (423 мың доллар) қолдау алды. Дүниежүзілік Банктің «жасыл» облигациялардың әсеріне 10 жылдық шолу бойынша есебіне сәйкес, мұндай бондтар климаттың өзгеру проблемалары жайлы хабардарлық деңгейін арттырды және инвесторларға капиталды сенімді инвестициялауды жүзеге асыру арқылы климат мәселелерін шешуге ықпал етуге мүмкіндік берді. Дүниежүзілік Банктің алғашқы «жасыл» бондтары 2008 жылы шағыралды. «Жасыл» инвестициялар нарығының дамуына байланысты қаржы құралына сұраныс өсуде.

«TK SOLAR» ЖШС Түркістан қаласының маңында жалпы қуаты 1МВт болатын күн электр станциясын салады. Жобаның негізгі мақсаты - жергілікті бизнес үшін «жасыл» электр энергиясын жеткізу. Үкіметтің қаланы дамыту жөніндегі жобаны бекітуіне байланысты, осы өңірді электр энергиясымен қамтамасыз ету – пайдалы іс болып саналады. Халық санының 2020 жылғы 176 мың адамнан 2050 жылы 500 мыңға дейін ұлғаюымен қатар, шағын және орта бизнес саны да артады деп болжануда. Бұл фактор электр энергиясына тұрақты сұранысқа ықпал ететін болады.

«Жасыл» жобаларды қаржыландыру – қазіргі ұрпақтың сұранысын қанағаттандыру болашақ ұрпақтың қажеттіліктеріне нұқсан келтірмейтіндей етіп елді дамытуға ұмтылудан туған әрекет. Мұндай жобаларды қаржыландыру Қазақстанның 2050 жылға дейінгі Даму Стратегиясында белгіленген Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі үкіметтік Тұжырымдама аясында жүзеге асырылады және БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы мен Париж келісіміне сай келеді.

 

«Адырна» ұлттық порталы.

Пікірлер