Елімізге Ресейден қару-жарақ пен әскери техника неге әкелініп жатыр?

3840
Adyrna.kz Telegram

ҚР Қорғаныс министрлігі Қазақстанға ресейлік қару-жарақ пен әскери техниканы жеткізу туралы ақпаратқа байланысты  түсініктеме берді деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Zakon.kz-ке" сілтеме жасап.

"2021 жылы Ресей тарапы Қазақстан Қарулы Күштерінің мүддесі үшін "Орлан-10Е" ҰҰА бар көпфункционалды кешенді ғана жеткізеді", - деп нақтылады ведомстводан.

Сонымен қатар, "Су-30СМ" ұшақтары, "Ми-35М" тікұшақтары, "Бук-М2Э" зениттік зымыран кешені, "БТР-80" және "БТР-82А" бронетранспортерлері, сондай-ақ атыс қаруын Қазақстан өткен жылдары сатып алған.

"Қазақстан армиясының қару-жарағында "Тайфун-К" жеңіл брондалған автомобильдері жоқ екенін қосымша хабарлаймыз", — деп толықтырды баспасөз қызметі.

Бұған дейін ресейлік жаңалықтар сайттарының бірінде Ресей Ауғанстандағы қақтығыс кезінде Қазақстан мен Өзбекстанға әскери жеткізілімдерді жеделдеткені айтылған болатын.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер