Елімізде ковид жұқтырғандар саны күрт көбейді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
4 қарашадағы мәлімет бойынша 43 397 адам коронавирус инфекциясынан (37 852 КВИ+ және 5 545 КВИ-) емделуде, олардың ішінде:
7 710 пациент стационарда,
35 687 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
520 адамның жағдайы ауыр,
162 пациенттің жағдайы өте ауыр,
102 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
2021 жылғы 4 қарашадағы жағдай бойынша коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмониямен ауыру туралы ақпарат:
2.11.2021 ж. коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 109 жағдайы тіркелді, сегіз адам қайтыс болды және 162 адам жазылды.
2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы:
ауырғандар – 79 948,
қайтыс болғандар – 5057,
жазылып шыққандар – 69 346.
“Адырна” ұлттық порталы