Елімізде ковид жұқтырғандар саны күрт көбейді

2908
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/11/be0adf76-dee6-46f1-bed7-c5537e594e4a.jpeg
Елімізде ковид жұқтырғандар саны күрт көбейді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.  4 қарашадағы мәлімет бойынша 43 397 адам коронавирус инфекциясынан (37 852 КВИ+ және 5 545 КВИ-) емделуде, олардың ішінде: 7 710 пациент стационарда, 35 687 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 520 адамның жағдайы ауыр, 162 пациенттің жағдайы өте ауыр, 102 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр. 2021 жылғы 4 қарашадағы жағдай бойынша коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмониямен ауыру туралы ақпарат: 2.11.2021 ж. коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 109 жағдайы тіркелді, сегіз адам қайтыс болды және 162 адам жазылды. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы: ауырғандар – 79 948, қайтыс болғандар – 5057, жазылып шыққандар – 69 346.

“Адырна” ұлттық порталы

Comments