SPA салонында интимдік қызмет көрсеткен 15 жезөкше ұсталды (ВИДЕО)

2971
Adyrna.kz Telegram

Алматыда SPA салонында интимдік қызмет көрсеткен 15 жеңіл жүрісті қыз ұсталды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тәртіп сақшылары іс-шараны кеше түнде өткізді. Қалалық криминалдық полицияның мәліметінше, нысандардың бірі элиталық тұрғын үй кешеніне орналастырылса, тағы екеуі Бостандық және Медеу аудандарының аумағындағы саяжайларда қылмыстық әрекеттерін іске асырған.

Бұл салондарда 15 жеңіл жүрісті қыз клиенттерге интимдік қызмет көрсеткен. Олар – Алматы қаласы, Алматы және Жамбыл облыстарының тұрғындары.

Әйелдер соттылығы бар-жоғын анықтау үшін полицияға жеткізілді. Ал ғимараттардың иелері жезөкшелікпен айналысу үшін саналы түрде үй-жаймен қамтамасыз еткені үшін, сондай-ақ жеңгетайлық бойынша жауапқа тартылды. Сондай-ақ, жедел бөлімнің хабарлауынша, жылдың басынан бері алматылық полицейлер адам саудасына қатысты 28 қылмысты анықтаған. Сонымен қатар, интимдік қызмет көрсететін 73 жезөкше үйі жойылды.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Пікірлер