Қабатов көмекшісі қағып өлтірген марқұмның жесіріне өтемақы төлеуден бас тартты

2857
Adyrna.kz Telegram

Тұрсынбек Қабатов пен оның көмекшісі Қарағанды облысындағы тас жолда болған адам өліміне қатысты үкімге апелляциялық шағым түсірді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Бұған дейін сот ортақ тәртіпте жесір қалған әйелге 8 миллион теңге төлеу туралы шешім шығарған еді.

Алайда белгілі әзілкештің көмекшісі апаттың өлім жағдайына әкелмегенін алға тартып, қылмысын мойындамай отыр. Оның айтуынша, жәбірленуші мас күйде жол ортасына жүгіріп шыққан.

Сот тараптарды тыңдай келе, үкімін өзгеріссіз қалдырылды.

Айта кетейік, қайғылы оқиға 2019 жылдың қазан айында Нұра ауданы Ахмет ауылында болған еді. Тұрсынбек Қабатовтың атына тіркелген «Лексус» көлігін тізгіндеген Нұр-Cұлтан қаласының тұрғыны түнгі уақытта 34 жастағы ер адамды қағып кеткен болатын.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер