Өзбекстаннан Қазақстанға ауру жұқтырған құрманы әкелмек болған

2724
Adyrna.kz Telegram

Өткен аптада Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық бөлімшелері карантиндік фитосанитарлық бақылау жүргізу барысында 1000 тоннадан астам импорттық карантинге жатқызылған өнімді аны0тады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Карантиндік өнімдер Ресей Федерациясынан, Беларусьтен, Финляндиядан, Өзбекстаннан, Қырғызстаннан, Нидерландыдан және Корея Республикасынан әкелінді.

2021 жылғы 22 қазан мен 29 қазан аралығында Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциялары Қазақстан Республикасының аумағына жоғары фитосанитарлық қауіптілігі бар карантинге жатқызылған өнімді заңсыз әкелу әрекетінің 82 фактісін тоқтатты. Нұр-Сұлтан қаласына Нидерландыдан 1,2 тонна қызанақ әкелу кезінде қызанақ қоңыр түсті жеміс вирусын (ToBRFV) және Pepino мозаика вирусы жұқтырылған көкөністер анықталды, деп мәлімдеді Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Сондай-ақ, Жамбыл және Маңғыстау облыстарына Қырғызстан мен Өзбекстаннан 21,9 тонна құрма әкелу кезінде вирусты (Pseudococcus comstoki) құрт анықталды.

Аталған өсімдіктер карантиндік заңнаманы бұзу фактілері бойынша әкімшілік материалдар түзіліп, сотқа жолданды. Өзбекстан Республикасы мен Қырғызстанға 21,9 тонна құрма қайтарылды, деп хабарлады министрлік.

Ресей Федерациясынан жалпы көлемі 768 тонна картоп, сәбіз, қызылша, қызанақ, бұрыш, мақсары, бидай, жаңғақ, кептірілген жемістер, апельсин, алма және банандарды әкелу кезінде 56 жағдайда фитосанитариялық сертификаттардың жоқтығы анықталды, 22 тонна Қырғызстаннан мал азықтық эспарцет, Кореядан 1,5 тонна жүгері ұны және Нидерландыдан 139 780 дана зақымданған гүл анықталды.

Тағы бір жағдайда Ресей Федерациясынан 108 060 дана көшет әкелу кезінде таңбалаудың жоқтығы анықталды.

Ресей Федерациясынан жалпы салмағы 140 тонна картоп, қызанақ, апельсин, қарбыз, қара өрік, алма, ұн, астық қалдықтары, жарма әкелу кезінде 20 жағдайда, Беларусьтен 48 843 дана көшет, Финляндиядан 25 тонна жаңғақ және т.б. Қырғызстаннан әкелінген 7 тоннадан астам картоп, қызанақ және жүзім, бақылауға алынған өнімдер қайталама тексеруге ұсынылмаған.

Өсімдіктер карантиндік заңнаманы бұзғандарға қатысты 1-бап бойынша әкімшілік материалдар толтырылды. ҚР ӘҚБтК-нің 400-бабына сәйкес 4,3 млн теңгеден астам айыппұл салынды, деп хабарлады ведомстводан.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері өсімдіктер карантині саласында 5,3 мың заң бұзушылық анықталған. Нәтижесінде 393 миллион теңгеден астам сомаға әкімшілік айыппұл салынды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер