Шымкенттің 2200 жылдығына арналған пошталық марка шығарылды

3438
Adyrna.kz Telegram

"Қазпочта” Шымкент әкімдігінің ұсынысы бойынша "Ұмытылмас және мерейтойлық даталар" почта маркаларының сериясы шеңберінде "Шымкент қаласына 2200 жыл" почта маркасын қолданысқа енгізді. Партия 9000 дананы құрайды. Марканы "Қазпочта" АҚ-ның кез келген бөлімшесінен сатып алуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, ЮНЕСКО Бас конференциясының 40-шы сессиясының шешімімен Шымкенттің 2200 жылдығы ЮНЕСКО-ның 2020-2021 жылдарға арналған атаулы күндер мен мерейтойлар күнтізбесіне енгізілген болатын. Мерейтойды мерекелеу аясында қалада бірқатар іс-шаралар өткізілуде.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер