Павлодарлық әке балаларын соққыға жықты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Полицияға Павлодар қаласының 36 жастағы тұрғыны хабарласып, 28 қазанда күйеуі 6 жасар ұлы мен 7 жасар қызын ұрып-соққаны туралы айтты. Сонымен қоса, әкесі ұлының екі тісін сындырған.
– Шақыруға келген полиция қызметкерлері жұбайының жұмыста болғанын анықтады. Үйде әкесімен бірге қалған балалар тентектік жасап, балконға жүгіріп, әкесінің ескертулеріне құлақ аспаған. Балаларды “тыныштандыру” үшін ер адам ұзақ ойланбастан жұдырығын жұмсады, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Анасы келгенде отағасы үйде болмағанын, оның жұмысқа кеткенін айтты. Әйел дереу ауруханаға хабарласып, медициналық көмек сұрады.
Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 140-бабы 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу қозғалды. Сараптама тағайындалды.
«Адырна» ұлттық порталы