Аида Балаева Facebook-ке қатысты түсініктеме берді

2002
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан Республикасының Ақпарат және әлеуметтік даму министрі Аида Балаева Meta (Facebook) аймақтық кеңсесінің Азия-Тынық мұхиты аймағы бойынша коммуникациялар жөніндегі директорының теріске шығаруы туралы БАҚ-та жарияланған ақпаратқа байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

"ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Гонконгта орналасқан Қытай, Моңғолия және Орталық Азия аймағына арналған Meta (Facebook) аймақтық кеңсесімен келіссөздер жүргізді. 1 қарашада жарияланған бірлескен мәлімдеменің мәтіні және оның БАҚ-та жариялануы аталған аймақтық өкілдік басшылығымен толық келісілді", – деп жазды Аида Балаева өзінің Facebook парақшасында.

"1 қарашада жарияланған біріккен мәлімдеменің мәтіні мен оның БАҚ-да жарниялануы аталған аймақтық кеңсенің басшылығымен толықтай келісілген болатын", деп қосты ол.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер