Ташкентте Косыгин атындағы дизайн және технология университетінің және Мәскеу мемлекеттік геодезия және картография университетінің филиалдары ашылады. Бұл туралы Өзбекстан мен Ресей арасындағы экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 22-ші отырысының қатысушылары мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«Жақын арада Косыгин атындағы Дизайн және технология университетінің және Мәскеу мемлекеттік геодезия және картография университетінің филиалдары ашылады », - делінген хабарламада.
Ресей делегациясын Ресейдің Экономикалық даму министрі Максим Решетников, Өзбекстан делегациясын Премьер-министрдің орынбасары Сардор Умурзақов басқарды. Кездесуде мәдени-гуманитарлық ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды.
«Осы бағытта жоғары білікті кадрларды даярлау, ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер секторындағы ынтымақтастық, сондай-ақ білім форумы, Медиа форум, Ресейдегі Өзбекстанның мәдениет күндері сияқты бірқатар бірлескен іс-шараларды өткізу мәселелері қарастырылды», - делінген хабарламада.
Өзбекстанда қазірдің өзінде ресейлік жоғары оқу орындарының 15 филиалы жұмыс істейді. Биылғы жылы Мәскеу Бүкілресейлік мемлекеттік кинематография институтының бірінші әрі жалғыз филиалы жұмыс істей бастаған еді. Өзбекстаннан да 40 мыңға жуық студент Ресейде білім алуда.
“Адырна” ұлттық порталы