Кәмелетке толмаған балаға анасы оқуын тастап жұмыс істеуге бұйырған

3414
Adyrna.kz Telegram

Павлодар облысында кәмелет жасқа толмаған жеткіншек ақша табу үшін оқуын тастап кеткен, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы “Астана” арнасына сілтеме жасап. 

Жеткіншектің анасы оған  жұмыс істеуді бұйырыпты. Бұл жайды облыстық полиция департаменті анықтады. Құзырлы органға студенттің оқу орны шағым түсірген. Колледж басшылығы оқушының екі ай сабаққа себепсіз келмегеніне алаңдапты. Артынша баланың егістік алқабында көкөніс жинап, ақша тауып жүргені белгілі болған.    

"Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу және білім беру бойынша міндеттерін орындамағаны үшін үшін ҚР Әкімшілік кодексінің 127-бабы 1-бөлігі бойынша анасына хаттама толтырылды. Іс шешім қабылдау үшін сотқа жолданды", - деп мәлімдеді облыстық полиция басқармасының ресми өкілі Жанна Біләлова.

Облыстық білім  басқармасы жеткіншекті  оқуға қайтару үшін жұмыс жүргізіп жатқанын жеткізді.

Оқушы Успен аудандық агрорлық колледжінде "Еңбек" бағдарламасы бойынша тегін оқыған. Шәкіртақы да алып тұрыпты. Оқу орны жатақханамен, ыстық тамақпен қамтамасыз етіп, жылына екі рет жол ақысын төлеп тұрған.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер