"Өз атымнан тағы 420 оқушыға грант беремін". Ұлттық мектепте тегін оқу мүмкіндігі туды

1217
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз
Жыл өткен сайын елімізде жекеменшік мектептердің саны артып келеді. Жекеменшік мектептердің көбеюі еліміздегі білім беру саласындағы мәселелерін шешуге оң ықпалын тигізері анық. 
Алайда мектеп саны көбейіп, сапалысын табу бүгінде қиынға соққан. Балаға білім беріп, өнерге баулитын мектептерді табудың өзі ата-ана үшін үлкен жұмыс. Жеке мектепте оқу ақысы да мектепке дайындалатын отбасының қалтасын жұқартады.
Сол себепті QAZBILIM білім беру мекемесінің басшысы өз атынан тегін гранттар ұсынды. Ол бұл туралы желідегі парақшасында жазды.
"Өз атымнан тағы 420 оқушыға грант беремін. Ұлттық мектеп неге ақылы деп сынайтындар көп, қымбат деп ренжитіндер де көп.
1. Ғимарат арендасы;
2. Мұғалімдер мен қызметкерлер жалақысы;
3. Коммуналдық шығындар;
4. Күнделікті керек жарақ шығындары;
Мектептің материалдық шарт жағдайын жасақтауды айтпағанда, осы төрт үлкен шығын бар. Ал, мемлекеттен жан басына қаржыландыру бағытында берілетін шығын осының біреуін толық жаппайды. Сондықтан ата-ана төлеміне жүгінеміз. Себебі, сапалы дүние жасау үшін үлкен қаржы керек. Білікті маманға жақсы жалақы керек. Бірақ жеңілдік сұраған ата-аналар мен өтініш айтқан адамдар тым көп болуын ескере отырып, экономикалық мүмкіндіктерімді саралай отырып мүмкіндігім бар 3 қалаға тағы 420 оқушыға грант беруді жөн көрдім. Тағы дейтінімін оқу жылы соңында 8 қаладағы QAZBILIM ұлттық лицейлеріне 300 оқушыға грант берген болатынмын.
Екі реттегі берілген гранттың жалпы құны 800 миллион теңгеден асады.
Осы жолғы бөлінетін гранттарға назар салыңыз:
QAZBILIM SHYMKENT-2 ұлттық лицейіне
-100% гранттан - 100 оқушыға грант;
-50% гранттан - 50 оқушыға грант;
Тел. 8701 531 8008.
QAZBILIM QYZYLORDA ұлттық лицейіне
-100% гранттан - 100 оқушыға грант;
-50% гранттан - 50 оқушыға грант;
Тел. 8701 934 8008
QAZBILIM ATYRAU ұлттық лицейіне
-100% гранттан - 20 оқушыға грант;
-50% гранттан - 100 оқушыға грант беремін деп шештім.
Тел. 8701 943 8008.
Қабылдау емтиханы 28 тамыз күні болады! Емтиханға алдын ала тіркелу міндетті", - деп жазды.
Пікірлер