Антиваксер Айна Бакеева қамауға алынды

2148
Adyrna.kz Telegram

Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Айна Бакееваға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы KZNEWS сайтына сілтеме жасап.

Ол желіде мектепте балаларға мәжбүрлеп жасырын вакцина салынып жатқаны жайлы жалған ақпарат таратқаны үшін айыпталды.

Дәрігер Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 434-бабы 1-бөлімімен (ұсақ бұзақылық) кінәлі деп танылып, 10 тәулікке қамауға алынған. Сот үкімін Шымкент қаласының полиция департаменті орындайды.

Видеодан бірнеше әйелдің (оның ішінде Айна Бакеева да бар) мектеп спорт залына кіргенін көруге болады. Таспаны түсіріп жүрген әйел өзінің журналист екенін айтып, ал кадр сыртындағы дауыс мектепте балаларға ата-анасына айтпай вакцина салынып жатқанын жеткізеді.

Кейіннен мектеп басшылығы мен баланың анасы ондай жағдайдың болмағанын, видеоның провокация екенін мәлімдеді.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер