Ақтауда "Тәуелсіз Қазақстан төртінші онжылдықта" атты жастар форумы өтті

2188
Adyrna.kz Telegram

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Yessenov University-де "Тәуелсіз Қазақстан төртінші онжылдықта" облыстық жастар форумы өтті.

Маңғыстау облысының түрлі санаттағы жастардың белсенді өкілдерінің (студенттер, жас кәсіпкерлер, ауыл жастары және т.б.) қатысуымен өткен салтанатты шарада Маңғыстау облысының ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Нұртас Сали, Маңғыстау облысының мәслихат депутаты Аят Сүгірбай және "Jas Otan" жастар қанаты Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Наурызбек Мағдатов сөз сөйледі.

Жастар форумының қонақтары еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері мен келесі онжылдықтағы шешуші бағыттары мен стратегиялық мақсаттары жайында ойымен бөлісіп, еркін пікір алмасты.

"Адырна" ұлттық порталы.

 

 

Пікірлер