Мәдениеттанушы: Димаш Құдайбергенге «Қазақстанның Еңбек Ері» деген атақ беру керек!

5340
Adyrna.kz Telegram

Қоғам белсенділері танымал әнші Димаш Құдайбергенге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беруді сұрап жатыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы мәдениеттанушы Берік Жүсіпов өзінің Facebook парақшасында жазды.

Оның айтуынша, бұл атаққа Димаш Құдайберген әбден лайық.

- Қазақстанға сіңірген ерекше жетістігі үшін берілетін «Қазақстанның Еңбек Ері» деген атақ бар. Осы алтын жұлдыз Димаш Құдайбергеннің кеудесінде жарқырау керек. Иә, оны «әлі жас қой» дейтіндер де табылады. Жоқ, кешіріңіз, Димаш жас емес, тіпті жас болып та көрген емес. Керісінше, өнер арқылы қазақты дүние жүзіне танытудың жолын тапқан және сондай миссия бұйырған, жер жүзінің тыңдармандарына таңдай қақтырып, үніне тамсандырған теңдесі жоқ құбылысты дер кезінде бағалай алмай отырған біздің әрекетіміз - қылмыспен пара-пар, - дейді ол.

Сонымен қатар мәдениеттанушы Кеңес Одағы қалыптастырған сана стереотиптерін күл-парша ететін уақыт жеткеніне тоқталды.

- Шын мәнінде бұл атаққа Димаш зәру емес, қайта әлгінің дәрежесін көтере түсу үшін Димаш сол атағыңа керегіп тұр. Қазір әлемнің қай түкпірінде болсын Димаштың есімі қазақ деген сөздің синонимі әрі символы ретінде қабылданады. Бұл дегенің ғажап қой, біз секілді аз ұлтқа одан артық не керек, Сіз қалай ойлайсыз, отандас?, - деп жазады мәдениеттанушы.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер