Билькент Симфониялық оркестрі Түркі әлемінің өнерпаздарымен бірге жаңа маусымын бастады

2560
Adyrna.kz Telegram

Түркияның көпке танымал Билькент Симфониялық оркестрі жаңа маусымдағы концертін Түркі әлемінің өнерпаздарымен бірге бастады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымымен бірлескен жоба аясында Жоржа Бизенің «Кармэн» операсы сахналанды. Бұл мәдени шараны Түркі мәдениеті халықаралық ұйымын бауырлас елдердің Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнап отыр.

Әзербайжандық шеф Эльшад Багиров дирижерлік еткен концертке «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты жерлесіміз Расул Жармағамбетов те қатысты. Сондай-ақ Өзбекстан, Түркия, Башқұртстаннан келген әншілер де өз өнерлерін көрсетті. Пандемия кезінде операны сағынған халық концерт залын лық толтырды.

Айта кетейік, маусымның ашылуына 3 мыңға жуық көрермен қатысқан.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер