Қазақтың ұлы тұлғасы — Абай Құнанбайұлының болашақ ұрпағына қалдырған "ӨСИЕТІ"

4726
Adyrna.kz Telegram

1. Құдайдан- қорық, пендеден – ұял: балаң бала болсын десең оқыт, мал аяма!

2. Ауруды жаратқан құдай, бірақ ауыртқан құдай емес.

3. Қайғысыздың бәрі асау.

4. Өлейін деп өлмейді өлерік жан.

5. Распенен таласпа.

6. Бір жерде бірге жүрсең басын қосып,
Біріңнің бірің сөйле сөзін тосып.

7. Бір қайғыны ойласаң, жүз қайғыны қозғайды.

8. Жүректен қызық кеткенде, тәннен қуат кетеді.

9. Мұңдасқан көңілде кір қалмайды.

10. Өзі жат елде қайыршылық қылып жүріп, елін бай деп мақтайтындар – құдай қарғағандар.

11. Малыңды жауға, басыңды дауға салып қор қылма.

12. Жүректі қозғайтын – жастықтың оты.

13. Өзі шошқа өзгені ит деп ойлар.

14. Сен асыққан екен деп, Алла әмірін өзгертпес.

15. Арлану ақылдының ісі.

16. Пенде өлмейді арманнан.

17. Бір қылығың жағып күнде жақсы болмайсың.

18. Сынық қанат көбелек – ол да өмір іздемек.


Дайындаған: Мадияр МЕҢДІБАЙ,

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер