Қазақстандық белгілі саясаттанушы, кәсіпкер Санжар Боқаев әлеуметтік желідегі парақшасында Қазақстан осы уақытқа дейін 3 НПЗ-ға 6 млрд доллар жұмсап, оның қай жерін өзгерткенін өздері де білмейтінін мәлімдеп, дизель мәселесінің әлі күнге дейін шешілмей келе жатқанына алаңдатушылық білдірді. Бұл туралы "Адырна" ұлттық порталы хабарлайды.
- Жаңа ғана АЗС-ке барып жаңармай құйып алдым. Әлі де дизель мәселесі шешілмеген екен. Өзімізде үш НПЗ бар. Оның барлығы ескі. Атырау НПЗ (1945), Павлодар НПЗ (1978), Шымкент НПЗ (1985). 1945 жылмен 1985 жыл аралығында салынған. Енді біз әрқашан да көріп жатсаңыз, модернизациясын жасап жатамыз. Біздің соңғы 2018 жылғы модернизация өткен кезде, біздің Үкімет ішкі нарығымыздың қажеттілігін толықтай қамтимыз деп уәде берген болатын. Алайда жыл сайын сәйкесінше дизель жоқ , - дейді Санжар Боқаев.
Сонымен қатар саясаттанушы Халықаралық тәжірибеге сүйеніп, көптеген елдерде 2 немесе 3 миллиард долларға жаңа НПЗ салынып жатқанын атап өтті.
- Мысалы, "BP" компаниясы 3 миллардқа керемет соның модернизациясын жасап, біздің 3 зауытымыз беретін көлемдегі деңгейге жеткізген. Ал бізде 2018 жыл болған модернизацияға біз 2 триллион теңге немесе 6 миллиард доллар жұмсаған екенбіз. Оный қай жеріне модернизация жасағанын өздері де білмейді. Бұны тағы да жақсылап тексерген жөн деп ойлаймын. Өйткені, бұның астарында үлкен жемқорлық жатыр,- деп мәлімдеді белгілі саясаттанушы.
Сөз соңында Санжар Боқаев: "Біз мұнайдың үстінде отырып, біздің халықтың қажетті көлемде және де дұрыс сапада жаңармайға қол жеткізбегені ұят нәрсе. Өзбекстан болса, соңғы 15 жылда 3 газохимиялық комбинаттарын салып алған. Біз әлі де біреуін салған емеспіз. Сондықтан кішкене намыс болу керек..." - деді.
View this post on Instagram
"Адырна" ұлттық порталы