Түркіменстан халқы қырылып жатыр, зираттарда орын жоқ

16458
Adyrna.kz Telegram

Түркіменстанда ресми COVID-19 жоқ. Алайда бейресми Түркіменстан халқы коронавирустан Орталық Азия елдерінің ішінде ең ауқымды деңгейде зардап шегуші мемлекет саналады. 

Азатлық Түркіменстан билігі мойындамаса да, бейресми өлім санын есептеп шықты. Ақпарат порталының хабарлауынша пандемия басталғалы бері Түркіменстанда коронавирустан кемі 25 мыңнан астам адам қайтыс болған. Ал нақты ақпараттар шықса өлім саны 150 мыңнан асуы да мүмкін деген болжамдар айтылуда.

"Коронавирустан қайтыс болғандар туралы мәліметтер жарияланбағанымен, велаяттар күн сайын Денсаулық сақтау министрлігіне есеп жібереді. Қауіпсіздік қызметінен министрлікке бекітілген кураторлар велаяттардың есептерін жинайды және жағдайға байланысты процесті жалпы бақылауды жүзеге асырады", - дейді Азатлық тілшілері.

Өлімнің көбі коронавирустың негізгі ошақтары саналатын Лебап пен Мэри велаяттарда тіркелген. Азатлық бұған дейін бүкіл ел бойынша, әсіресе соңғы бірнеше айда дельта нұсқасы тез таралатын Түркіменстанның оңтүстік және шығыс аймақтарында коронавирус оқиғаларының күрт өскені туралы хабарлаған болатын. Кей аймақтарда тіпті зиратта орын жоқ екені де айтылған еді.

Өткен аптада Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Ашхабадта ДДСҰ Еуропа бойынша аймақтық директоры Ханс Клугемен кездесуінде өз елінде коронавирустың мүлде жоқ екенін тағы да айтқан болатын.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер