Екі зейнеткерді қатігездікпен өлтіріп, үйін өртеп жіберген: қылмыскер ұсталды

5874
Adyrna.kz Telegram

Шығыс Қазақстан облысында екі зейнеткерді қатыгездікпен өлтірді деген күдікпен 37 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Stan.kz сайтына сілтеме жасап. 

2021 жылдың 25 қаңтарында Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Прибрежное ауылының тұрғындары көршілерінің үйі өртеніп жатқанынан оянып кеткен.

Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер жалынды сөндіріп үйге кірген соң, қорқынышты көріністің куәсі болды. 

Еденде зорлық-зомбылықпен өлтірілген 83 жастағы әйел мен 74 жастағы ер адамның жартылай күйген мәйіттері жатқан. Олардың денесінде көптеген пышақ жарақаты болған.

Аталған дерек бойынша қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі ("адам өлтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полицияның хабарлауынша, қазан айында қылмысқа қатысы бар күдікті анықталды. Жәбірленушілерді жақтырмаған 37 жастағы ер адам кісі өлтірген соң үйді әдейі өртеп, оқиға орнынан қашып кеткен.

Ер адам үй ішіндегі пердеге от қойғанын айтты. Ал қылмыс қаруын үйдің маңына лақтырып кеткен.

Қазір күдікті қамауда, сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер