«Әйеліммен шатастырып алдым»: Оралда әкесі өз туған қызын бірнеше жыл зорлап келген

5978
Adyrna.kz Telegram

Оралда туған қызын зорлаған опасыз әкеге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қолға түскен педофил оны әйелімен шатастырып алғанын айтып ақталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Мамандардың айтуынша, өңірде осындай  жантүршігерлік оқиғалар  жиілеп барады. Жыл басынан бері 16 жасөспірім тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған.

- Мені анам ұрып-соғып, тіпті тепкілеп тастады. Өлгің келсе, арам қат! Маған сенің бар-жоғың бәрібір! - деп ұрысты. Бірақ өзімді өлтіре алмадым. Өлу оңай емес екен. Қолымнан ешнәрсе келмеген соң, жылай беремін. Кейін қалай өлудің амалдарын іздестіре бастадым. Өзіме пышақ тығып алғым келген. Бірақ олай істей алмадым, - дейді 16 жастағы қыз.

Биыл өз туыстарынан жәбір көрген жасөспірімдер күрт көбейген. Полиция дерегінше, 16 балаға зорлық жасалған.

- Ең сұмдығы, жыныстық сипаттағы зорлық көп кездеседі. Бұл қылмыс түрі 30 пайызға артып отыр. Мысалы, арақ ішіп алып, өзінің туған қызын ұзақ уақыт бойы зорлап келген оралдықтың үстінен іс қозғалды. Ол мастығынан айыққасын, қызын әйелімен шатастырып алғанын айтып, ақталыпты, - дейді Орал қаласы ПБ ювеналды полиция инспекторы Мәдина Құспанова.

Полиция дерегінше, былтыр екі жасөспірім суицид жасаған. Тағы 13 баланың осындай әрекетке барғаны анықталып отыр.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер