"Еркектер арасындағы әңгіме болды": Жанқош Тұраров түсініктеме берді

2600
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында сот орындаушымен болған дау-дамай туралы мән-жайды айтып берді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Кейбір БАҚ пен әлеуметтік желілер жағдайды толық білмей, жалған ақпарат тарататыны өкінішті. Көптеген сайттан түрлі тақырыптар оқыдым, онда мені бір гангстер ретінде көрсетіпті. Жасанды шу көтерген»,– деді ол.

Боксшы оқиғаның мән-жайын түсіндірді.

«Мен келгенімде жағдай түсініксіз болды. Бұл әпкемнің үйі. Олар үйді жақында сатып алған, бұрынғы иесі заңсыз құрылысы бар тұрғын үйді сатып жіберген. Сату-алудың процесін онша жақсы біле бермеймін, мұны құзырлы органдар анықтасын. Жақының мұндай жағдайға душар болса, кім көмекке келмейді. Ол жерге келгенімде айғай-шу мен жылаған дауыстар болды. Бәрін тоқтатуды талап еттім, ары қарайғы жанжалға араласпадым. Куәгерлердің сөзінен сот орындаушысы да өз міндетін кәсіби атқармағанын және дөрекі сөйлегенін білдім.Мен қарапайым жігітпін, жігіттік түсінікпен өстік бәрімізде. Оны ұрып-соғамын деп қорқытпадым. Еркектердің арасындағы әңгіме болды, мен оған өз ойымды айттым. Ол мені диктафонға жазып жатқанын ескерткен де жоқ. Бұл қаншалықты заңды екенін білмеймін. Ол соққы алып қалған соң, кектеніп қалған сияқты. Ол да біреудің ағасы, одан да біреу үлгі алады-ау. Енді хайп қуып жүр»,– деп мәлімдеді Жанқош.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер