Әбунасыр Серіков: Қарсы шыққанды атып тастайсыңдар, асып тастайсыңдар (ВИДЕО)

10852
Adyrna.kz Telegram

Желіде Әбунасыр Серіков қазақтың жағдайы мүшкіл екенін, үйсіз-күйсіз қаңғып жүргенін айтып жар салды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Әлеуметтік желілерде актер Әбунасыр Серіков қазақтың қазіргі жағдайынан хабардар еткен бейнежазбасы тарады.

«Сендер көрдіңдер ме біздің қазақтың подвалда, базарда контейнерде тұрып жатқанын? Соны неге айтпайсыңдар? 30 жыл болды ғой өтірік мақтап жүргендеріңе. Квартирада тұрып жатқан кімдер? Үйсіз жүрген біздің қаракөз қыздарымыз. Кредитке басын тығып тастадыңдар, айдың соңында үнемі жылап жүретін қазақ.

Елім, жерім десе атып тастайсыңдар. Зейнетақыға шыққан ана-әкелеріміз 30 мың теңгеге қалай күн көреді? Тамақ іше ме, қыдыра ма? Өздері миллиондап алып жатыр...

Мәңгүрт, бір ауыз қазақша білмейтін депутаттарды жібермеу үшін депутат болайын деп жатырмын, ұқтың ба?».

Міне, бұл Серіковтың журналистке берген сұхбатынан үзінді. Белгілі болғандай, бұл сұхбат барысы «Акимат қайда қарап отыр 2? 4-ші сериясы екен.

Әбунасыр Серіков бұл сериалда Нышан Пышанұлы атымен ойнайды.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер