Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында ФИФА-ның арнайы сыйлығын иеленді

4271
Adyrna.kz Telegram

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) 2021 жылы Литвада өтетін футзалдан әлем чемпионатында өнер көрсеткен Қазақстан құрамасына арнайы сыйлық табыс етті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Sports.kz -ке сілтеме жасап.

3 қазанда футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін ойында Бразилия құрамасынан ұтылды.

ФИФА Қазақстан құрамасын адал ойындар сыйлығымен марапаттады. Марапаттау рәсімінің видеосын төменде көруге болады.

Қазақстан құрамасы 2021 жылы Литвада өткен әлем чемпионатында төртінші орынды иеленді, бұл команданың бүкіл тарихындағы ең жақсы жетістігі. Еске салайық, әлем чемпионатының жартылай финалында Қазақстан құрамасы пенальтиде Португалиядан ұтылды (2: 2, пен. - 3: 4), ал үшінші орын үшін матчта Бразилия ұтты - 2: 4.

 

View this post on Instagram

 

Публикация от SPORTS.KZ (@kzsports)

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер