Боксшы Майк Тайсон қарсыласынан жеңілді

5258
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Бүгін атақты боксшы Майк Тайсон (50-6-0,44КО) шаршы алаңға қайта оралып, өзінен 31 жас кіші америкалық танымал блогер Джейк Полмен (10-1-0,7КО) жұдырықтасты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Боксшы Майк Тайсон 58 жаста жұдырықтасып, алғашқы раундта өте жақсы өнер көрсетті. Алайда  Джейк Пол жекпе-жекті соңына дейін бақылауында ұстады.

8 раундқа созылған кездесу Тайсонның қарсыласы Джейк Полдың пайдасына шешілді.

Бүгін Майк Тайсон жетінші рет жеңілсе, Джейк Пол он бірінші рет жеңіске жетті.

Журналист Диас Нұрақын желідегі парақшасында:

"Темір Тайсон жеңіліп қалыпты. Бірақ 58 жасында рингке шығудың өзі ерлік емес пе? Біздікілер бұл жаста пенсияға жіберіңдер деп шулап жүр. Өзінен 31 жас кіші "пацанмен" жұдырықтасқан Тайсон айналдырған 16 минутта ( 8 раунд, 2 минуттан) 20 млн доллар ақша тапты. Тайсон спортық мансабын аяқтап, былғары қолғабын шегеге ілгенде қазіргі қарсыласы Джейк Пол небәрі 8 жаста болыпты. Шоу деген осы. Бизнес по американский деген осы", - деп жазды ол.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Онколог: "Папилломы на шее и в подмышках означают раннюю стадию…
Пікірлер