ҰОК басшысы Головкин жаңа қызметке тағайындалды

5166
Adyrna.kz Telegram
Фото: ҚР ҰОК ресми сайты
Фото: ҚР ҰОК ресми сайты

Қазақстан ҰОК президенті Геннадий Головкин Азия Олимпиадалық кеңесі спорт комитетінің мүшесі болып тағайындалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл мәлімет Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайтында жарияланды.

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің басшылары мен қызметкерлері Азия Олимпиадалық кеңесінің комитеттері құрамына кіргені анықталды. Ресми деректерге сүйенсек, спорт комитетіне Қазақстан ҰОК президенті Геннадий Головкин тағайындалды. Ал бас хатшы болып Әлімжан Ақаев Халықаралық қатынастар комитетінің мүшесі болды.

PR және маркетинг департаментінің директоры Гүлназ Шукенова Медиа және БАҚ комитетіне кірді. Сонымен қатар Спорт департаментінің бас менеджері Роман Теміржанов Ақпарат және статистика комитетіне қосылды. Жаңа лауазымға тағайындалғандар 2028 жылға дейін қызмет атқарады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Пікірлер