Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында Португалияны жеңді

1901
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/09/ed390a1b-767c-47a5-a533-46761df2d7ab.jpeg

Өзбекстанда өтіп жатқан футзалдан әлем чемпионатының 1/8 финалында Қазақстан құрамасы Португалияны жеңді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Әндіжанда өткен кездесу 2:1 есебімен аяқталды.

Қазақстандықтар бірінші болып гол соқты, 11-минутта Шыңғыс Есенаманов қақпаны дәл көздеді. Португалиялық Зика Те 21-ші минутта есепті теңестірді. Дәурен Тұрсағұловтың 40-минутта соққан голы қазақстандықтарға жеңіс сыйлады.

Нәтижесінде Қазақстан ширек финалға

өтті, енді 30 қыркүйекте Ташкентте 1/8 финалда ойнайтын Аргентина – Хорватия матчының жеңімпазымен кездеседі, олар 27 қыркүйекте ойнайды.

Әр топтан жоғары ұпай жинаған екі команда, сондай-ақ үшінші орын алғандардың арасынан төрт үздік команда плей-офф кезеңіне өтті.

Естеріңізге сала кетейік, Португалия 2021 жылғы әлем чемпионы болды.

Комментарии