Лукашенко: Қажет болса Беларусь Ресейдің әскери базасына айналады

3699

Беларусь президенті Александр Лукашенко CNN арнасына сұхбат беріп, Минск пен Мәскеу арасындағы қатынас жайлы айтты.

"Егер керек болса, Беларусь жері Ресеймен бірге сіздердің агрессияларыңызға қарсы бір әскери базаға айналады. Егер сіздер сондай шешім қабылдасаңыздар немесе жекелеген елдер сондай шешім қабылдаса әрине. Сіздер оны нақты түсінулеріңіз керек" , — деді Лукашенко.

Лукашенко Беларусь жерінде Ресейдің екі азаматтық мақсаттағы базасынан басқа базалардың жоқ екенін де айта кетті.  "Бұл базалар КСРО кезінде салынған. Мақсаты Батыстан ядролық соққы жасаса бірінші болып анықтау үшін осында қойылған. Ал екінші базаның мақсаты Ресей күштерін Атлантикадағы флотымен байланыстырып тұр. Бар болғаны осы екі база" — деді ол. Әр базада бар-жоғы 100 жетпес адам жұмыс істейтінін де айта кетті.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер
Редакция таңдауы