Қостанай облысында Конституция күніне орай бірқатар игі істер атқарылды. Диірмен кешені іске қосылды, жаңа спорт нысаны ел игілігіне беріліп, саябақ бой көтерді.
Арқалықтағы кәсіпорындар осыған дейін ұнды Қостанайдан сатып алып жүрсе, енді өздері тартып саудаға шығармақ. Бидай ұнтақтайтын диірмен кешені тәулігіне 1 500 тонна өнім өндіреді. Нысан толық қуатта жұмыс істесе, экспортқа шығуға мүмкіндік бар.
Руслан Құлетов, Арқалық қаласы ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы:
– Бұл енді жалғыз Арқалық қаласына емес көршілес аудандарға да өте тиімді жоба. Себебі, қазіргі таңда өзіміздің ұнның сапасының көлеміне қарай жақсы өнімдер шығады. Северный ауылында бой көтерген көпфункционалды хоккей корты көптің көңілінен шығатындай-ақ. Балалар осында қыста коньки тепсе, жаздыгүні көгалда доп қуады.
Әлмұрат Нұрғалиев, Арқалық қаласының тұрғыны:
– Бұл бесінші шағын алаң. Орталық саяжайда, Северный поселкесінде осындай екі-екіден орнатылып жатыр. Алдағы уақытта біздің ортамызда әлем чемпиондары, олимпиада чемпиондары өсіп шығып жататына сенімдіміз. «Дорожник» ықшам ауданының тұрғындары мереке күні сый-сияпатсыз қалмады. Мұнда әмбебап спорт алаңының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Нысанда шағын футбол алаңы, көше тренажерлары және workout-аймағы бар. Алаңдар жасанды көгалмен, жаттығу аймағы резеңке үгіндіден жасалған. Жарақаттан қорғайтын жабын тартанмен қапталған.
Сәлім Бекетов, Арқалық қаласының тұрғыны:
-Әкімшілікке, халыққа бәріне рахмет. Балалар ойнап, сондай күшті боп жатыр. Ризамыз.
Бұған қоса ел тәуелсіздігінің 30 және Арқалықтың 65 жылдығына орай жергілікті кәсіпкерлердің демеуімен жаңа саябақ пен қалаға кірберіске арка орнатылды. Демалыс орнында ені төрт метрге жететін ту тұғыры орнатылды. Ол 18 метр биіктіктен алыстан менмұндалап тұрады.
Авторлары: Данияр Сұлтанұлы, Ермек Мұхамедияров