Облыс әкімі Әулиекөл ауданына барды

115

Аймақ басшысы жұмыс сапарымен Әулиекөл ауданына барды. Архимед Мұхамбетов бірқатар маңызды әлеуметтік нысандарды аралап, ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен, газбен қамтамасыз ету бойынша жүріп жатқан жұмыстармен танысты. Сонымен қатар ауданның жылу беру маусымына әзірлік барысын тексерді.

Аймақ басшысы, алдымен, Лаврентьев ауылындағы су тарату пунктін қарап шықты. Мұндай су таратқыш құрылғы ауданның көптеген ауылында орнатылған. Жалпы саны – 10. Одан кейін әкім Аманқарағай ауылындағы су құбырының құрылысымен танысты. Құрылыс кешеніне сорғы станциясы, таза су резервуары және оларға арналған сүзгіш-жұтқыштар, суды зарасыздандырудың жергілікті станциясы, алаңішілік желілер енеді. Жоба құны 2 млрд-тан асады.

Архимед Мұхамбетов аудандағы мемлекеттік жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Аманқарағай елді мекенінде  «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында дәрігерлік амбулатория мен Н.Островский атындағы Аманқарағай орта мектебінің  жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

Одан әрі әкім Әулиекөл ауданының газ тарату желілерінің құрылысын қарады. Газ құбыры трассасының жалпы ұзындығы – шамаммен 123 мың шақырым, абоненттер саны – 3389.

Сонымен қатар Архимед Бекежанұлы Құсмұрын ауылындағы «Южная» қазандығына барды.  Ұзындығы  9 373 м жылу желілері 550 абонентке қызмет көрсетеді. Ауыл алдағы жылыту маусымына толықтай дайын. Сапар соңында өңір басшысы аудан әкіміне әлеуметтік-экономикалық даму бойынша жұмысты күшейтуді, сондай-ақ жоспарланған жұмыстарды сапалы және көрсетілген мерзімде аяқтауды тапсырды.

Пікірлер
Редакция таңдауы