Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ақын, жазушы Рафаэль Ниязбек 78 жасында дүниеден озды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Қаралы хабарды ақын Болат Жетекбай жеткізді.
«Ақын, жазушы Рафаэль Ниязбек қайтыпты. Алды жарық, арты қайырлы болсын!»– деді ол.
Рафаэль Ниязбек 1943 жылы 24 наурызда Жамбыл облысы, Талас ауданының қазіргі Тамабек ауылында дүниеге келген. Ол – Шешен Респуликасының ең жоғары Мемлекеттік «Ұлт намысы» орденінің иегері, Шешенстан Мемлекеттік және Ілияс Жансүгіров атындағы сыйлықтардың лауреаты. «Қаратау мен Алатау», «Темірқазық», «Жалын кешкен», «Жер жанары», «Өркен», «Биіктей бер, тауларым», «Жетіген», «Тамұқ отына жанбаған», «Шешендер», «Ичкерия» атты жыр кітаптары жарық көрді.
«Адырна» ұжымы марқұмның туған-туыстарына көңіл айтады.
«Адырна» ұлттық порталы