Тағы да сарбаз өлімі, тағы да "суицид"... Қарауылдағы әскер "өзін-өзі атты"

963
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Ақтөбеде әскери бөлімдердің бірінде мерзімді қызметтегі сарбаз қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Бұл туралы Ақтөбе гарнизонының баспасөз қызметі ресми мәлімдеді.

"Осы жылдың 23 қарашасында Ақтөбе гарнизонының әскери бөлімдерінің бірінде қарауылдық қызмет атқару барысында мерзімді қызметтегі сарбаз бекітілген қарудан өзін-өзі атып, суицид жасады", – делінген баспасөз хабарламасында.

Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып жатқандықтан, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды, деп қосты баспасөз қызметі.

Құрлық әскерлері қолбасшылығы қаза тапқан сарбаздың жақындары мен туыстарына көңіл айтты.

Бұған дейін ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі Шығыс Қазақстан облысында мерзімді қызметтегі сарбаздың отбасындағы жанжал салдарынан өз-өзіне қол жұмсағаны туралы хабарлаған еді.

 

Пікірлер