«Жыл жаңалығы»: Иманбек GQ сыйлығын жеңіп алды

874

Қазақстандық DJ Иманбек Зейкенов GQ ерлер журналының "Жыл жаңалығы" номинациясын жеңіп алды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі

«Grammy сыйлығы, аудиоплатформалардағы миллиардтаған тыңдалым, әлемдік музыкалық лейблдар мен компаниялармен келісім-шарттар. Биылғы жылы барлық жерде шырқалған Roses трегінің ремиксін жасаған қазақстандық жас диджей және продюсер Иманбек Зейкенов үшін бұл тек бастамасы ғана деп сенеміз", - деп жазды басылым.

Айта кетейік, отандасымыздан басқа бұл марапатқа Федор Федотов пен Владимир Онохов сынды әртістер, Soda Luv атты музыкант, режиссер Евгений Сангаджиев ұсынылған еді.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы