Геоақпараттық портал құрылады

2207
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз мәжілісінде Шымкент қалалық Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрлан Архабаев басқарма тарапынан жыл басынан бері атқарылған жұмыстар туралы айтты. Оның мәліметінше, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында, Шымкент қаласының әкімдігі тарапынан геоақпараттық порталды құрып іске асыру жұмыстары ағымдағы жылдың соңына дейін жүзеге асады.

Басқарма басшысының сөзінше, қаланың дамуы бас жоспарға сәйкес, солтүстік бағытта жүргізілуде. Атап айтқанда, Әкімшілік іскерлік орталығы аумағы 282 гектар, әкімшілік, көпсалалы мәдени, оқу-ағарту және басқа да халыққа қызмет көрсету ғимараттары, көпқабатты тұрғын құрылыс нысандары салынып, игерілуі толық аяқталуда. Ал «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында қала әкімдігі тарапынан геоақпараттық порталды құрып іске асыру жұмыстары осы жылдың аяғына дейін жоспарланды, – деді басқарма басшысы.

Нұрлан Архабаев - Шымкент қалалық Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы

Алдағы уақытта, гео портал өтініш берушіге үйден немесе кеңседен шықпай-ақ қызмет алуға, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен қаланың коммуналдық ұйымдары арасында құжаттарды келісу процестерін толық автоматтандыруға мүмкіндік береді. Жүйе қызмет көрсетудің барлық тізбегін электрондық нысанға көшіруге, оларды көрсетудің нақты мерзімін 3-6 күнге дейін қысқартуға, қызмет беруші мен қызмет алушының тікелей байланысын болдырмауға, Халыққа қызмет көрсетудің қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ әкімдік қызметінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді.

Нұрлан Архабаев - Шымкент қалалық Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы
Айта кетейік, басқарма тарапынан 17 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. Жыл басынан бері жалпы саны 25 006 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Сонымен қатар, 5 нысанның құрылысы үшін қарастырылған жер телімі мемлекет мұқтажына қайтарылған.

 

Перизат Ортай

Пікірлер