Өртсөндірушілерді құтқарудың орнына әскерилер қашып кеткен - ЖАМБЫЛДАҒЫ ЖАРЫЛЫС

351

Жамбыл облысындағы жарылыстан аман қалған өрт сөндіруші оқиғаның қалай болғанын айтып берді. Ауруханада ем қабылдап жатқан Алмаз Тұрсыновтың сөзінше, әскери қызметкерлер оқ-дәріге толы қоймаға келген мамандардың басшыларына "қауіп жоқ" екенін айтқан көрінеді. Ал, төтеншеліктер осы сөзге сеніп өртті сөндіруге рұқсат берген.

Сол уақытта жойқын жарылыс тіркеліпті. Ал, өртсөндірушілерді құтқарудың орнына әскерилер ол сәтте оқиға орнынан бас сауғалап қашып кеткен екен.

Қазір Алмаз Тұрсыновпен бірге қауіпті аймаққа барған мамандардың барлығы көз жұмған. Бір өлімнен аман қалған жігіттің жарылыстан екі көзіне зақым келіп, қол-аяғы сынған.     

Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасы хабарлайды.

АЛМАЗ ТҰРСЫНОВ, ЗАРДАП ШЕККЕН ӨРТ СӨНДІРУШІ:
"Сол жақта жүрген үлкен полковник кісіден сұрадым: "Жарылады ма?" деп. Сосын ол айтты "Өй, жарылмайды, ерунда ғой бұл деп. Өзі бірақ, отступать етіп жатқанын көрдім, байқадым. Военный формада жүрді ол кісі сөйтті да ол кісі кетіп қалды. Бірақ, біз өшіріп жатқан кезде уже басталып жатқан, шет шетке оқтар ұшып. Караул бастығы айтты: "Жәй, жәй артқа берейік, че то не то мынау", - деді. Абайлайықшы жігіттер, деп сезді караул бастығы".

Бұған дейін Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы күзетілмейтін қоймалардың бі
рінен жарылмаған оқ-дәрілер табылды деген ақпарат тараған еді. Бірақ, кейіннен Қорғаныс министрлігі ол снарядтардың барлығы гильзасы алынған, металлға өткізілген қауіпсіз оқ-дәрілер екенін мәлімдеді. Ал, жарылыс кезіндегі өрт сөндірушілердің нұсқасына қатысты Нұрлан Ермекбаев басқаратын ведомство мардымды жауап берген жоқ. Тек, әскери бөлімге жауаптылар қоймадағы инженерлік снарядтар жарылмауы тиіс еді деп қысқа қайырды. Нақты себебін арнайы құрылған комиссия анықтайтын болады.  

РУСЛАН ЖЫЛҚЫБАЕВ, ӘСКЕРИ БӨЛІМ КОМАНДИРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
"Өртенген қоймадағы инженерлік оқ-дәрілер техникалық сипаттамаларына қарай жарылмауы тиіс еді. Сондықтан әскери бөлімнің өртсөндіру тобы өртті оқшаулау туралы шешім қабылдаған. Сонымен қатар, оқиға орнына жол патрульдік қызметінің өртсөндіру бөлімдері жұмылдырылды. Жарылыстардың себептерін құрамында білікті сарапшылары бар комиссия анықтауы керек".  

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар