Зарина Байбатина күміс жүлдеге ие болды

2100
Adyrna.kz Telegram

Токиода өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында қазақстандық дзюдошы Зарина Байбатина күміс жүлдеге ие болды деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Olympic.kz"-ке сілтеме жасап. 

Әйелдер арасында 70 келіден жоғары салмақта сынға түскен Зарина Байбатина Паралимпиаданың күміс медалін иеленді. Финалда ол әзербайжандық Дурсадаф Каримовадан ұтылды.  Токио татамиінде Зарина Моңғолия және Италия балуандарын жеңген болатын.

Айта кетелік, бұл – Заринаның алғашқы Паралимпиадасы. 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket