Әскерилер мәзірі: жауынгерлер қымыз ішіп, қазы жемек

2170
Adyrna.kz Telegram
????????????????????????????????????
????????????????????????????????????

Қазақстанда әскери қызметшілерді азық-түлікпен қамтамасыз ету нормалары қайта қаралды. Енді мәзірде жылқы еті, түйе еті, балық және дәстүрлі сусындар пайда болады. 

"Әскери қызметшілердің тамақтануын одан әрі жақсарту үшін Қазақ тағамтану академиясымен бірге ұлттық тағамдардың ерекшеліктерін ескере отырып, әскери қызметшілердің тамақтану рационын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Әскери қызметшілердің рационына жылқы, қой, түйе, үйрек, қаз еті және әр түрлі балық түрлерін қосымша енгізу жоспарлануда. Сонымен қатар құрт, қымыз бен шұбатты енгізу жоспарлануда", - деді ҚР Қарулы Күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаментінің аға офицері Руслан Тапашев.

2020 жылы Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерге берілетін азық-түлік құнын 40%-ға арттырды. Ал сарбаздардың тамақтануын ұйымдастыру бойынша қызметтер аутсорсингке берілді.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер