Адалдық ардың ісі

659

Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі. Ең бастысы - адамдардың қоғамның демократиялық негізіне деген сеніміне, заң мен әділдікке деген сеніміне, түптеп келгенде, билікке деген сеніміне кері әсер ететіні хақ.

Бүгінде жемқорлықпен күрес елімізде мемлекеттік маңызы бар түйткілді мәселеге айналып отырғандығы шындық. Елдің ертеңі үшін, болашақ келер ұрпақ алдында еңсеміздің биік көтеріліп жүру үшін, жемқорлық індетімен белсене күресіп, түп-тамырын жою қажет. Бұл - індет адамзат баласына жат қасиет. Кеңестік дәуірден бастау алған, жең ұшынан жалғасын табатын, көз қысты-бармақ басты әдеті әлі болса қылаң беріп келеді. Бұл дерт еліміздің дамуына, экономиканың өркендеп өсуіне өрескел кедергі келтіретіні даусыз.

Мемлекеттік сатып алу, мемлекет қаржысын талан-тараж етіп, ысырап қылу, жер участкесін заңсыз беру, дүние-мүлкін, ақша капиталын салық декларациясынан, яғни мемлекеттен жасырып қалу сияқты мемлекет қалтасына қауіп төндіретін жат қылықтар әлі де баршылық. Қазіргі таңда мемлекет тарапынан жемқорлыққа қарсы күрес мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Мемлекетіміз кеңестер одағы кеңістігінде алғаш рет «Жемқорлыққа қарсы күрес» Заңын қабылдады. Бұл заң жобасы арқылы жемқорлыққа қарсы күрестің негізі принциптерін анықтап, жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтардың және оған байланысты жауапкершіліктің артылуының түрлері анықталды. Осы орайда, Алакөл ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске арналған бағдарламалардың іске асырылуына және жемқорлықты біржолата жою мақсатында «Жемқорлық індет – жою міндет» атты «Open Air» форматында көрме ұйымдастырылса, «Сыбайлас жемқорлық біз үшін емес!» акциясы, «Жемқорлықсыз жарқын болашақ» атты жас ақындар мүшәйрасы өткізілді. Жемқорлық деген не? Жемқорлық ұғымы заманауи құқықтық сөздік қолданысында кеңінен қолданылады және терең тарихи тамыры бар. Жемқорлықтың қарапайым түсінігі - лауазымды тұлғалар, қоғамдық және саяси қайраткерлер мен мемлекеттік шенеуніктердің өз қызметтерінде сараңдық пен сатқындық танытуы.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден республикамыздың ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, заңның негізінде мемлекеттік міндеттер атқаруға уәкілетті адамдар мен оларға теңестірілген адамдар жауапты болатындығы көрсетілген.
Мемлекет басшысының жолдауында: «Заңды бұзған екенсің, оның баптарына сәйкес жауапқа тартылсың»,-деп атап көрсеткен. Ендеше, жемқорлықты жоюды мақсат етсек талаптарды орындауымыз қажет.

Айман Асыл

Пікірлер
Редакция таңдауы