АҚШ-тың шығысындағы Теннесси штатындағы су тасқынынан кемінде он адам қаза тапты. Тағы 31 адам із-түссіз жоғалды деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы CNN агенттігіне сілтеме жасап.
Хамфрис округінің шерифі Крис Дэвистің хабарлауынша, ауа райының қолайсыздығы салдарынан екі жас бала зардап шеккен.
Адамдарды құтқару үшін арнайы қызметтер тартылды, табиғи апат болған жерге көмек көрсету үшін құтқару тікұшағы жіберілген.
Нэшвилладан 100 шақырымдай жерде орналасқан Уэверли шағын қаласының маңында қаза тапқандардың денелері табылды. Су тасқыны жолдардың жабылуына және байланыстың болмауына себеп болды.
Теннесси штатында су тасқыны қаупінің үшінші деңгейі жарияланды. Төтенше жағдайлар басқармасы тұрғындарды көлік жүргізбеуге және су басқан жолдардан сақ болуға шақырды.
"Адырна" ұлттық порталы.