НАТО елдері ауғандарды эвакуациялау мерзімін ұзартуды сұрады

2731
Adyrna.kz Telegram

НАТО елдері Кабулдағы әуежайды бақылауды сақтап, Ауғанстанда азаматтарды эвакуациялау мерзімін ұзартуды қолдады деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Хабар 24-ке" сілтеме жасап.

Сондай-ақ олар елді тастап кетуге ниетті адамдарды көптеп көшіру үшін тамыздың 31-інен кейін де қалмақ.

Айта кетейік, Талибан қозғалысы Ауғанстан астанасын басып алғалы мыңдаған адам батыс әсерилері қолындағы Кабул әуежайына ұмтылды. Қазірге дейін әуе айлағы арқылы 18 мыңнан аса адам эвакуацияланған. Әуежайда АҚШ, Ұлыбритания, Түркия және Әзербайжан әскерилері орналасқан.

– НАТО одақтастары Ауғанстанға ұшақтар жіберіп, адамдарды эвакуациялауға көмектесуге дайын. Бірақ мәселе әуе көліктерінде емес адамдарды ол жақтан алып кетуде болып тұр. Біз келешекте қазіргідей мәселеден көп ой түйіп, НАТО-ның Ауғанстандағы іс-әрекетін жан-жақты саралауымыз қажет, — дейді НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг.

Ал Бельгияның сыртқы істер министрі  Софи Уилмес 450 Ауғанстан азаматына әуежайға келуді сұрағандарын, 8 сағаттан кейін 16 адам ғана әзер дегенде әуежай қақпасынан өткенін жеткізді.

Осыған байланысты Бельгия НАТО-дан адамдарды эвакуациялау мерзімін ұзартуды сұраған.

"Адырна" ұлттық порталы.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Пікірлер