Қайрат командасы Люксембургтің "Фоласын" жеңіп, топтық кезеңге өтті

4985
Adyrna.kz Telegram

Алматылық "Қайрат" Конференция лигасы плей-офф кезеңінің бірінші матчінде Люксембургтің "Фоласын" жеңіп, турнирдің топтық кезеңіне бір қадам жақындады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Люксембургте өткен кездесу 4:1 есебімен аяқталды. Алматылықтар сапынан Вагнер Лав 37 және 70-минутта гол соқты, бразилиялық шабуылшы екінші голын пенальтиден салды. Артур Шушеначев (28-минут) пен Рикардо Алвеш (43 -ші) бір мәрте көзге түсті. "Фоланың" жалғыз голын 19-минутта Мирза Мустафич салды.

Қарымта кездесу 26 тамызда Алматы Орталық стадионында өтеді, матч елорда уақытымен 20:00-де басталады. Бұл жұптың жеңімпазы Конференция лигасының топтық кезеңінде ойнайды.

Еске салайық, мұның алдында қарағандылық "Шахтер" Нұр-Сұлтанда Тель-Авивтің "Маккаби" клубынан 1:2 есебімен жеңіліп қалған болатын.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Пікірлер