Талапкерлерге қала әкімінің білім гранттары берілмек

2329
Adyrna.kz Telegram

Биыл тұңғыш рет Нұр-Сұлтан қаласының спортшы талапкерлеріне қала әкімінің білім гранттары беріледі. Конкурстық коммисия қорытындысы бойынша жоғары білімді мамандарды дайындауға мемлекеттік білім беру тапсырысын Еуразия ұлттық университеті жүзеге асырады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Небір мықты спортшылар, ел намысын халықаралық ареналарда қорғап жүрген спорт шеберлері мектеп кездерінен жаттығу залында жүріп, оқу бітіріп тестілеуден өткенде біразы ақсап жатады. Мемлекеттік грантқа ілінбеген спортшылар қолжетімді мамандықтарға тапсыруға мәжбүр болады. Соның салдарынан біз мықты мамандар шығады деген спортшыларымыздан айырылып қалып жатамыз. Мемлекет басшысы жастардың спорттық әлеуетін дамытуға ерекше көңіл бөліп отыр, тиісінше жан-жақты қолдау көрсетілуде. Қала әкімі Алтай Сейдірұлына жасалған ұсынысымыз қолдау тауып, Нұр-Сұлтан қаласының спортшыларына 50 қала әкімінің грантын беру туралы шешім қабылдады. Жоғары оқу орындарын аяқтаған соң, мамандар жаттықтырушы, нұсқаушылар ретінде қалалық спорт ұйымдарына жұмысқа қабылданады. Солай біз өз кадрларымызды дайындаймыз», — деді Нұр-Сұлтан қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Ерғалиев.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша қала әкімінің грантына өтініштерді қабылдау тамыз айының 20-на дейін жалғасады.

Талапкер спортшылар тапсыруы тиіс құжаттар тізімі:

Төлқұжат (нотариалды расталған көшірмесі);

Спорттық дәрежесі 1 разряд, СШҮ, СШ (нотариалды расталған көшірмесі);

Республикалық және Халықаралық жарыстардың дипломдары мен мадақтама қағаздары (нотариалды расталған көшірмесі);

ҰБТ сертификаты;

Шығармашылық эмтихандар хаттамасының шешімі.

Жоғарыда аталған құжаттарды тапалкерлер ЕҰУ-дың қабылдау бөліміне (Қ.Мұңайтпасов 13) апарып тапсырады. Құжаттарды қабылдау аяқталған соң конкурстық коммисия құрылып, әкім грантының иегерлері белгілі болады.

Қосымша сұрақтар ЕҰУ-дың қабылдау бөліміне 55-68-57, 55-68-55, 55-68-53, 55-68-73, сондай-ақ Дене шынықтыру және спорт басқармасына 557567, 557561 хабарласып білуге болады.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер