500 млн доллар: АҚШ ауған босқындарына көмектеспек

2883
Adyrna.kz Telegram

АҚШ президенті Джо Байден Ауғанстаннан келген босқындарға көмек көрсету үшін 500 миллион долларға дейін қаражат бөлуді бұйырды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Ақ үй сайтында жарияланған меморандумда айтылған.

Құжатта қаражат Ауғанстандағы жағдайға байланысты тәуекелге ұшыраған «босқындардың, жанжал құрбандарының және басқалардың шұғыл қажеттіліктерін қанағаттандыруға» бағытталуы тиіс делінген.

Шығындарды босқындар мен қоныс аударушыларға жедел көмек көрсету мемлекеттік қоры төлейді. Сонымен қатар, АҚШ -тың арнайы иммиграциялық визасын алуға үміткер азаматтарға көмек көрсету жоспарлануда, деп хабарлайды REN.tv.

Бұған дейін Байден АҚШ әскерлеріне көмектескен Ауғанстан азаматтарын эвакуациялау үшін 100 миллион долларға дейін қаражат бөлуді бұйырды.

Еске салайық, американдық көшбасшы өзінің үндеуінде АҚШ Ауғанстанда қалу мақсатына қол жеткізгенін айтқан болатын.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер